Жаңалықтар
FlyArystan әуекомпаниясына қатысты тағы дау туды

Фото:dknews.kz
FlyArystan әуекомпаниясына қатысты тағы дау туды, деп жазды qandastar.kz
Желіде Алматыдан Павлодарға бет алған жолаушылардың өз бағыттары бойынша ұша алмай қалғаны туралы ақпарат тарады. 12 жолаушы сапарынан қалып қойған. Желі қолданушылары бұл мәселе овербукингтан туындауы мүмкін деген болжам жасады. Бірақ әуекомпания бұл деректі жоққа шығарды. Жолаушылар ұшаққа отырғызу аймағына ұшу уақытына небәрі 10 минут қалғанда жеткен көрінеді.
Ал бұл уақытта әуежайда ұшаққа отырғызу ақталғанын хабарлайтын ақпараттық тақта жұмыс істемей тұрған. Компания рейске уақытылы келу – әр жолаушының өз жауапкершілігінде екенін еске салды.