Жаңалықтар
FlyArystan басшысы қызы Астана әуежайында жалғыз қалған анадан кешірім сұрау үшін Оралға барды
Фото: FlyArystan
FlyArystan компаниясының бас директоры Ричард Леджер Астана әуежайында рейске кіргізілмей, жалғыз қалып кеткен 12 жасар қыздың анасымен кездесті. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
12 жасар қызды әуе компаниясының қызметкерлері ұшаққа кіргізбей, елордада жалғыз қалдырған еді. Әуе компаниясының басшысы қыздың анасы Жазира Мусинамен кездесу үшін Оралға ұшып барды.
«Әуе компаниясының басшысы 2024 жылдың 21 шілдесінде КС 7367 рейсіне міну кезінде Астана әуежайында қалған Зере Ғалиеваның анасы Жазира Мусинадан кешірім сұрау үшін Оралға ұшып барды», – делінген хабарламада.
Ричард Леджер Зере Ғалиеваға, оның әпкесі Заураға және анасы Жазираға FlyArystan компаниясымен 2024 жылдың соңына дейін Қазақстан аумағында ұшу құқығын беретін сертификаттар тапсырды.
Еске салайық, бұған дейін FlyArystan әуекомпаниясы 12 жасар қызды рейске мінгізбей, жалғыз өзін өзге қалада қалдырып кеткен еді. Оқиғадан кейін қыздың анасы әуекомпанияның қызметіне наразылық білдірген.
Сөзінше, 20 шілдеде Зере және Зәуре атты егіз қызы Америкадан елге қайтқан. Олар сенімді өкілмен, бір топ баламен саяхаттаған. Қайтарда Астана арқылы транзитпен Оралға ұшуы керек болған, бірақ Зерені компания бортқа кіргізбей, тастап кеткен.