Жаңалықтар
FlyArystan-дағы жанжал: Жолаушылар төбелес шығарып, мониторды қиратып тастады
Фото: tripadvisor.ru
Алматы әуежайындағы жанжалды оқиға жалғасуда. Бұған дейін ашулы жолаушылар FlyArystan бөлімшесінде шу көтеріп, төбелес шығарған, – деп жазады qandastar.kz.
Әуежайдағы дебоштан кейін полиция екі азаматты ұстады, олардың бірі – 31 жастағы әйел, ол мониторды лақтырып, қызметкерлерге бейәдеп сөздер айтқан. Ол өзгенің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін сотталды (ӘҚБтК-нің 147-бабы-1-бөлігі).
Әйелдің өкініп, үш бала тәрбиелеп отырғанын ескере отырып, сот оған 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.
Естеріңізге сала кетейік, SMS-ескертудегі қателікке байланысты жолаушылар рейске кешігіп, авиакомпания қызметкерлерін айыптаған болатын.