Жаңалықтар

FlyArystan рейсі Костанайда қона алмады – әуежай уақытша жұмысын тоқтатты

Астанадан Костанайға бағыт алған FlyArystan әуе компаниясының рейсі қатты қар жаууына байланысты қонуға мүмкіндік болмай, қайтадан елордаға қайтты, деп хабарлайды qandastar.kz.

Әуе компаниясы мәліметінше, Қостанай әуежайы уақытша жабылып, ұшу-қону жолағын тазалау жұмыстары жүргізілуде.

«Жолаушыларға сусын мен ыстық тамақ берілді. Ал кері бағыттағы рейстің жолаушыларына қалаған жағдайда қонақүй ұсынылады», – деп хабарлады FlyArystan өкілдері.

Компанияның түсіндіруінше, рейстердің бірінің кешігуі айналмалы ұшу кестесіне әсер етіп, өзге бағыттарда да уақытша өзгерістерге себеп болған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button