Жаңалықтар

Forbes тізіміндегілердің жері неге мемлекетке қайтарылып жатыр?

Фото: ашық дереккөз

Алматы облысында үш жыл ішінде 83 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды, деп жазды qandastar.kz

Алматы облысында 2022–2025 жылдар аралығында заңсыз иемделген және пайдаланылмай жатқан 83 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жалпы құны 6,1 млрд теңгеге бағаланған бұл жерлердің 21 мың гектары бұрын жоғары лауазымды қызмет атқарған шенеуніктер мен олардың жақындарына, сондай-ақ белгілі кәсіпкерлерге тиесілі болған. Аталған учаскелердің құны 1,6 млрд теңгені құрайды.

Құлыбаевтар әулетіне тиесілі жерлер де қайтарылды

Прокуратураның талап арызы негізінде 2025 жылдың мамыр айында Қапшағай көлінің жағалауындағы белгілі бір жер телімі мемлекет меншігіне өтті. Бұған дейін бұл жер Құлыбаевтар әулетінің иелігінде болғаны хабарланды. Сонымен қатар, депутаттық сауалда көрсетілген 9 гектар жағалаулық аумақ та мемлекетке қайтарылған.

Қоғамдық бақылау мен заңнаманың орындалуын тексеру

Жер қатынастарына қатысты заң талаптарының сақталуын қадағалау жалғасуда. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, бұл жұмысқа қоғам өкілдері мен Парламент депутаттары да белсенді қатысып отыр.

Қазіргі уақытта Іле ауданына қарасты бірқатар жер учаскелеріне байланысты тексеріс жүріп жатыр. Оның нәтижелері жақын уақытта жарияланатыны айтылды.

Back to top button