Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Ford зауытындағы қызметкер Трампты «педофилдерді қорғаушы» деп айыптады

АҚШ президенті Дональд Трамптың Мичиган штатындағы Ford зауытын аралауы  резонанс тудырды. TMZ таратқан видеода зауыт қызметкерлерінің бірі президентке «Педофилдерді қорғаушы!» деп айқайлағаны көрінеді. Бұл ақпаратты Qandastar.kz ақпарат порталы RasDaily.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Таблоидтың нұсқасына сәйкес, қызметкер Трамптың марқұм, сотталған педофил Джеффри Эпштейнмен байланыстары және Әділет министрлігінің «Эпштейн файлдарын» жариялауды кешеуілдетуін меңзеген. Видео кадрларында президенттің «Жоғал!» деп жауап беріп, ортаңғы саусағын көрсеткені байқалады.

Оқиғаға Ford компаниясы мен Ақ үй өкілдері пікір білдірді. Зауыттың ресми өкілі компания үшін өзара құрмет негізгі құндылықтардың бірі екенін, өндіріс нысандарында қорлайтын сөздер құпталмайтынын айтты. Алайда аталған жағдайға байланысты нақты кадрлық шешімдер қабылданбаған.

Ал Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Ченг Трамптың жауабы «орынды әрі нақты» болғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Трамп бұған дейін де Эпштейнге қатысты сұрақтарға қатаң реакция танытқан. 2025 жылдың қарашасында ол қалған файлдарды неге жарияламайтыны туралы сұрақ қойған журналисті «шошқа» деп атаған еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button