Әлем жаңалықтары
Франция Президенті қазақ тілінде пост жариялады

Фото: sn.kz
Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенін қазақ тілінде жеткізді, деп хабарлайды qandastar.kz
Skifnews.kz жазғандай, ол Х әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.
«Мен жаңа ғана Қазақстан президенті @TokayevKZ мырзамен әңгімелестім. Біз стратегиялық әріптестігімізді нығайту мәселесін, әсіресе көлік және энергетика саласында, 2023 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған сапарымның және өткен қарашада Президент Тоқаевтың Францияға жасаған мемлекеттік сапарының жалғасы ретінде талқыладық», — деп жазды Макрон.