«КазТАГ» ақпарат агенттігі бұрынғы Freedom Finance топ-менеджері Темерлан Бековтың талап арызы бойынша сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды qandastar.kz сайты.
«Беков Темерлан Әділұлының «МИА КазТАГ» ЖШС-не қатысты мәліметтерді шындыққа сәйкес емес, жеке тұлғаға қарсы бағытталған, ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделге нұқсан келтіреді деп тану, жарияланымды өшіру және моральдық зиян өндіру туралы талап арызы толық көлемде қанағаттандырудан бас тартылсын. Беков Темерлан Әділұлынан «МИА «КазТАГ» ЖШС пайдасына өкіл көмегіне жұмсалған шығын ретінде 20 мың теңге өндірілсін», – деп жазды бейсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында адвокат Рена Керимова сот шешімін келтіріп.
Оның айтуынша, КазТАГ адвокаттары өкілдер шығыны ретінде өндірілген 20 мың теңгемен келіспейді.
«Апелляциялық сатыға шағымданамыз! Қалғаны бойынша судья Кумароваға – браво», – деп жазды адвокат.
Керимова Бековтың КазТАГ-қа қарсы сотқа «Freedom Finance-тің тағы бір топ-менеджері қылмыстық істің фигуранты болды» атты материалдың жариялануына байланысты жүгінгенін еске салды.
Аталған іс бойынша сотта КазТАГ мүддесін Керимовамен бірге адвокат Елена Жигаленок пен заңгер Ника Пасечникова қорғады.