Жаңалықтар

Фукуок–Алматы бағытындағы Air Astana ұшағы әуежайға кері оралды

26 желтоқсан күні Фукуок қаласынан Алматыға ұшып келе жатқан Air Astana компаниясының КС 162 рейсі  барлық дәретханалардың істен шығуы себебінен қайтып оралуға мәжбүр болды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Тruestorykz Тelegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұшудың жаңа уақыты 27 желтоқсан, 04:00 деп белгіленді. Сол аралықта әуе компаниясы жолаушыларға тамақ, сусындар және қонақүйде орналасу мүмкіндігін қамтамасыз етті. Air Astana ұшу кешігкені үшін кешірім сұрады.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button