
Фото: инстаграм
«Реал Мадрид» футбол клубының ойыншыларын алып келген ұшақ Алматы әуежайына сәтті қонды. Қаланың тұрғындары әлемге әйгілі клуб өкілдерін жылы қарсы алып, өздерінің құрметін білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz.
Корольдік клубтың ресми Instagram парақшасында футболшылардың Алматыға келгені туралы жазба бірнеше сағат бұрын жарияланды. Онда: «Алматыға қондық» деген қысқа жазба мен ұшақтан түсіп жатқан сәт бейнеленген сурет қоса берілген.
Желі қолданушылары танымал ойыншыларды көріп қуанып, түрлі жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Пікірлердің көпшілігі: «Қазақстанға қош келдіңіздер», «Сіздерді Алматыда көргенімізге қуаныштымыз» деген мазмұнда жазылған.