Жаңалықтар
Футзалдан Қазақстан құрамасы Вьетнамнан жеңілді

Фото: ҚФФ
Футзалдан Қазақстан құрамасы Вьетнаммен жолдастық кездесу өткізіп, жеңіліп қалды, деп хабарлайды qandastar.kz
Ойын 4:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Гол авторлары:
-
1:0 – Ту Минь Куанг
-
1:1 – Кәрменов
-
2:1 – Чау Доан Фат
-
3:1 – Хо Ван И
-
4:1 – Динь Конг Вьен
Бұл – жоспарланған екі жолдастық кездесудің алғашқысы. Екінші матч 15 сәуірге жоспарланған.
Аталған ойындар FIFA күнтізбесіне сәйкес өтуде. Осыған байланысты ұлттық құрама 8-16 сәуір аралығында оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырған.