Әлем жаңалықтары

G7 мәлімдемесі. АҚШ Ресейді ақтап алуға тырысып, «агрессор» деп атамауға шақырды

Фото: скрин видео

АҚШ G7 мәлімдемесінде Ресейді ақтап алуға тырысып, «агрессор» деп атамауға шақырды, деп хабарлайды qandastar.kz

АҚШ G7-нің саммитінде елді елең еткізерлік мәлімдеме жасады. Атап айтқанда Ресейдің Украина топырағына басып кіргеніне үш жыл болғанына арналған мәлімдемесінде Ресейді ақтап алуға тырысып, «агрессор» деп атауға қарсы болды. Бұл туралы Financial Times бес дереккөзге сілтеме жасай отырып жазды.

Alash.kz ұлттық порталы жазғандай,  «ресейлік агрессия» туралы тұжырым өткен жылғы G7 мәлімдемесінде, сондай-ақ өткен жылдардағы мәлімдемелерде бес рет айтылған. Енді АҚШ мұндай сөз тіркестерін қолдануға қарсы.

Газеттің хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленскийдің «Үлкен жетілік» саммитіне қатысатыны не қатыспайтыныәлі расталған жоқ. Іс-шара 24 ақпанда бейнебайланыс арқылы өтпек.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close