Жаңалықтар

Ғалымдар 2026 жылы қарай жаңа пандемия қаупі туралы ескертті

Ғалымдар әлемде жұқпалы аурулар санының артуы жаңа пандемияға әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді. Вирусологтардың айтуынша, маймыл шешегі, қызамық, құс тұмауы және Оропуш қызбасының қатар таралуы бұрын белгісіз «X вирусының» пайда болуына себеп болуы ықтимал, деп жазады qandastar.kz.

Daily Star мәліметінше, сарапшылар бұл қауіп халық арасында вакцинация деңгейінің төмендеуімен және вирустардың мутацияға ұшырауымен байланысты екенін атап өтті. Әсіресе, Еуропа елдерінде маймыл шешегінің жаңа штамдары тіркеліп жатыр.

Ғалымдар қызамық ауруының қайта таралуына да алаңдаулы. Бұған соңғы 15 жылда MMR вакцинасының қолданылу деңгейінің ең төмен көрсеткішке түсуі әсер еткен.

Сонымен қатар, құс тұмауының H5N1 түрі мутацияға ұшырап, сүтқоректілерге жұға бастады. Бұл оның адамдар арасында кең таралу қаупін арттырады.

Мамандар аталған вирустардың әрқайсысы болашақта жаңа әрі қауіпті пандемияның басталуына себеп болуы мүмкін екенін ескертеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button