ЖаңалықтарШоу бизнес

«Ғалымжанның жағдайы нашарлап кетті»: журналист Мұқасан Шахзадаевтың ұсталғанын хабарлады

Бұл туралы Жан Ахмадиев өзінің әлеуметтік желісінде айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Қайырлы күн, қасқыр мінез қазағым! Күні кеше бізге Мұқасан Шахзадаевтың ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалғаны жайлы ақпарат жетті. Ғалымжан мырза да соңына дейін барамыз деп отыр. Мен оның әрекетін дұрыс деп санаймын. Сондай-ақ оның әділдікке жетуіне барымызды саламыз. Сіздерден де қолдау керек, қазақ елі», — деді Жан Ахмадиев әлеуметтік желіде.

Журналистің айтуынша, «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлейменнің жағдайы нашарлап кеткен.

Ол қазір ауруханада жатыр.

Ғалымжан Сүлейменнің қорғаушысы Мұқасан Шахзадаевтың түрмеге қамалуын талап ететінін айтты.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button