
Ақтауда қала тұрғыны көпқабатты тұрғын үй жанында түйені газ құбырына байлап қойған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға 13-ші шағын ауданда болды.
Желіде тараған видео қазақстандықтардың наразылығын тудырды.
Әкімдіктің хабарлауынша, оқиға орнына тұрғын үй-коммуналдық қызметтер мен полиция қызметкерлері жіберілген.
Түйенің иесі табылды.
Мал жаю ережелерін бұзғаны үшін оған 3 АЕК (12 975 теңге) айыппұл салынды.
Жануар иесіне қайтарылды.



