Жаңалықтар

Газ үшін тартыс: Қазақстан мен Өзбекстан 2 миллион долларды бөлісе алмай жатыр!

«QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ-ның құрамына кіретін «Интергаз Орталық Азия» компаниясы «Узтрансгазға» қарсы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Арбитражына талап түсірді, деп жазады qandastar.kz

«Қазақстанның мұнайы мен газы. Фактілер мен комментарийлер» Telegram-арнасы жариялаған хабарға сәйкес, талап Өзбекстан газының Қазақстан аумағы арқылы тасымалдау қызметі үшін шамамен 2 млн доллар көлеміндегі төленбеген ақыға қатысты.

Қазақстандық компанияның есебінше, Өзбекстан Қазақстан аумағы арқылы газ тасымалдау қызметіне шамамен 2 миллион доллар қарыз болған. Ал «Узтрансгаз» бұл талаппен келіспейді. Олардың мәлімдеуінше, газды өлшеу торабы Өзбекстан аумағында орналасқан, сондықтан қазақстандықтардың есептеулері дұрыс емес. Осы себепті Өзбекстан қарсы талап қойған.

Қазір «Интергаз Центральная Азия» істі қарауды уақытша тоқтатып, сыртқы кеңесшілерді тартып жатыр.

Айта кетсек, «Интергаз Орталық Азия» компаниясы Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін басқарады және «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ-ның құрылымына кіреді. Ал «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ – «Самұрық-Қазына» АҚ қорының еншілес компаниясы.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button