Жаңалықтар

Газ жарылған: Отырар ауданында үш қабатты тұрғын үй опырылды

Түркістан облысының Отырар ауданында үш қабатты тұрғын үйде газ жарылысы болды. Оқиға 30 қазан күні кешкі уақытта Шәуілдір ауылында орын алған, деп хабарлайды qandastar.kz

Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа тұрғындардың газ жүйесіне өз бетімен қосылуы себеп болған.

Оқиға салдарынан бір адам жарақат алып, бірнеше пәтер зақымданған. Қазіргі уақытта газ беру уақытша тоқтатылып, мамандар желілерді тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

“QazaqGaz Aimaq” АҚ тұрғындарға газ желілеріне өздігінен қосылуға қатаң тыйым салынатынын ескертті. Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай әрекеттер адам өмірі мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Газ жабдықтарын қосу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын тек арнайы рұқсаты бар мамандар ғана орындауы тиіс.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button