Жаңалықтар

«ГАЗельді басып озбақ болған»: Қостанай облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды

Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанай облысында төрт адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz

16 қыркүйек күні кешкі уақытта Жангелдин ауданы Торғай ауылының маңында «Торғай-Арқалық» автожолының 17-ші шақырымында Lexus пен ГАЗель көліктері соқтығысқан жол апаты болды. Екі көлік те Арқалық қаласына қарай бір бағытта жүріп келе жатқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Lexus көлігінің 38 жастағы жүргізушісі басып озу кезінде көлікті басқара алмай, екінші көлікпен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, оның ішінде екі бала оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханада қайтыс болды. Осы оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, әсіресе, жылдамдық режимін және маневр жасау қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close