Жаңалықтар

Газетке деген жанашырлық – ұлтқа деген жанашырлық

Белгілі қаламгер, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың газетке деген жанашырлығы – ұлтқа деген жанашырлығы екенін жеткізді,-деп хабарлайды Qandastar.kz

Күні кеше Мемлекет басшысы отандық ақпарат жаршыларын қабылдап, келелі сөз сөйледі. Біз де осы саланың ішінде жүргеннен кейін, әріптестерімізге тілеулес болып отырдық. Жақында қабылданған «Масс-медиа туралы» Заңға Ел Президенті қол қойды. Өзі айтқандай, бұл құнды құжат қана емес, ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды қадам. Оның үстінде елдің сөзін сөйлеп жүрген аға буын журналистер депутаттық, сенаторлық мандат алып, билік пен бұқараға алтын көпір болып отыр, – дейді Журналистер академиясының академигі.

Оның айтуынша, қазір мемлекет халықпен еркін тілдесіп, ашық әрі нақты жобалардың қолға алып жатыр. Мәселен АЭС салуда біржақты шешім қабылдай салмай, халықпен кеңесе пішіп, талқыға салып, маңыздылығына үңіліп отыр.

Иә, шынында Мемлекет басшысы лудоманияны жою үшін бірқатар пәрменді бастамалар көтерді. Өкінішке қарай, құмар ойынға құлдыққа түскен азаматтардың қатары азаяр емес.

Тағы бір айта кететін жайт, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл болатын арнайы заң күшіне енгені. Қазақ отбасының қалыбын сақтау үшін осы құжаттың маңызы зор. Бұл ретте ақпарат өкілдерінің рөлі жоғары. Олар тұрмыс тауқыметін тартқан, өзінен әлсізді күшпен қорқытқан, отбасынын шырқын бұзған әрбір жанның жазасыз қалмауына жол ашты. Қазір билік те журналистермен санаса түсті. Меніңше, Мемлекет басшысының газетке деген жанашырлығы, бұл ұлтқа деген жанашырлығы. Себебі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі, – дейді Ә.Әрін.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close