
фото: видеодан скрин
Композитор әрі әнші Ғазизхан Шекербеков «Қызық Times» бағдарламасының жаңа қонағы болды, деп жазды qandastar.kz
Бағдарлама әсерлі басталды. Ғазизхан «Мен сүйсем, сүйемін» әнін жанды дауыста орындап, көрерменнің жүрегін бірден жаулап алды. Ол эстрададағы шынайылық пен жанды орындауға басымдық беретін санаулы өнер иелерінің бірі ретінде көптің құрметіне ие.
Сұхбат барысында әнші шығармашылығындағы жаңа бетбұрыс жайлы ашық айтып, кино саласына қадам басуды армандайтынын жеткізді.
Бағдарламада Ғазизхан «Біздің кез» әні арқылы тыңдарманды жастық шаққа жетелесе, көңілді сәттерде ләңгі тебу сайысы көрерменге шаттық сыйлады.
Бағдарлама «Ұлыма ақыл» әнімен қорытындыланды.