Әлем жаңалықтарыӘлеумет және қоғамЖаңалықтар

Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судьяның ісі: Мәскеу тексеріс бастады

Мәскеуде Германияда қаза тапқан қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты тексеріс басталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті мәлім етті.

Тергеуге федералды каналдардың біріндегі сюжет түрткі болған.

Онда әйелдің өліміне қатысы болуы мүмкін күйеуі мен енесі Мәскеуде жасырынуы мүмкін екені айтылды, деп хабарлады тергеу комитеті.

Айта кетері, 2024 жылы маусымда экс-судья Айгүл Сайлыбаева із-түссіз жоғалып кеткен еді. Ол Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған. 4 маусымда ол қызын балабақшаға апарғаннан кейін байланысқа шықпаған.

Ал 16 маусымда әйелдің денесі қала шетінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button