Әлем жаңалықтары

Голдан кейінгі хаос: БАӘ жанкүйерлері ашуға булығып, алаңға айфон мен көлік кілттерін лақтырды

Катар ұлттық құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Біріккен Араб Әмірліктерін (БАӘ) 2:1 есебімен жеңді. Алайда матчтағы екінші голдан кейін күтпеген жағдай орын алды, деп жазады qandastar.kz

Катарлықтардың жеңіс добынан кейін БАӘ жанкүйерлері эмоцияға беріліп, алаңға iPhone, автокөлік кілттері және аяқ киім секілді заттарды лақтыра бастады. Осыған байланысты стадионда қауіпсіздік қызметі шұғыл түрде іске қосылды.

Матч кезінде тәртіп бұзушылық тіркеліп, жанкүйерлердің әрекеті халықаралық БАҚ назарын аудартты. Оқиғаға қатысты ресми түсініктемелер әзірге берілген жоқ.

Айта кетейік, Катар құрамасы аталған жеңістің арқасында турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button