Жаңалықтар

Головкин бұрынғы жаттықтырушысы Кристофер Камачоны Қазақстанға шақырды

Фото: ҚР ҰОК ресми сайты

Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин бұрынғы америкалық жаттықтырушысы Кристофер Камачоны шақырды, деп хабарлайды qandastar.kz «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл бокстан Қазақстанның ерлер командасын Аммандағы Азия чемпионатына дайындау аясында жасалған. Отандық боксшылар 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Иорданияда рингке шығады.

«Кристофер Камачо команда орналасқан жерге келіп, Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабына боксшыларды құрлық біріншілігіне дайындауға көмектеседі», – делінген хабарламада.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close