ЖаңалықтарСпорт

Головкиннің аты «Миротворецте» аталды

Қазақстандық бокс аңызы, World Boxing президенті Геннадий Головкин Украинадағы «Миротворец» дерекқорына енгізілді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы бірқатар ақпарат құралдары хабарлады.

Дерекке сәйкес, Головкинге қатысты мұндай шешім оның басқаратын World Boxing ұйымының ресейлік спортшыларға қатысты ұстанымын өзгертуінен кейін қабылданған.

Биыл шілдеде World Boxing ресейлік боксшыларға халықаралық жарыстарда ұлттық туы мен гимнін пайдалануға мүмкіндік берді. Бұған дейін ресейлік спортшыларға қатысты шектеулер қолданылып келген еді.

Осы шешімнен кейін украиналық «Миротворец» ресурсы Головкинді өз базасына қосты. Ресурста қазақстандық спортшыға Ресейге қатысты позициясына байланысты айыптаулар тағылған.

Головкин World Boxing ұйымын 2025 жылдың қарашасынан бері басқарып келеді. Ол сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті.

Айта кетейік, «Миротворец» — Украинада орналасқан даулы дерекқор. Онда әртүрлі адамдарға қатысты мәліметтер жарияланып, олардың Украина қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деген бағалар беріледі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button