Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер таңдаған жоғары оқу орнына құжат тапсырып, 7 шілде – 15 тамыз аралығында емтихан тапсыруы қажет. Ал Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысының талапкерлері шығармашылық емтиханды ҰБТ-дан кейін тапсыра береді.
Шығармашылық емтихандар дәстүрлі форматта, яғни офлайн болады. Ал грант конкурсына қатысу үшін тек бір мамандық және бір жоғары оқу орнын таңдауға болады.
Бес пән бойынша ҰБТ тапсырған талапкерлер (Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы балдарын алып) шығармашылық дайындықты талап ететін бір ББТ-ны таңдай алады.
Қазақстанда «Серпін» жобасының қолға алынғанына біраз уақыт болды. Осы бағдарламаның негізгі мақсаты – оңтүстік өңірлерінің жастарын кадр тапшылығын көріп отырған аймақтарда оқытц және білікті мамандар даярлау.
Биыл «Серпін» бағдарламасына 3 903 грант бөлініп отыр. Мамандықтар:
Осы жоба бойынша грантқа түскен түлектер шәкіртақы алады және жатақханамен қамтамасыз етіледі.
«Серпінге» бес облыс – Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы мен Жетісу облыстарының ауыл түлектері қатыса алады. Гранттар Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ұлытау, Қарағанды мен Қостанай облыстарында орналасқан жоғары оқу орындарына бөлінді.
Бағдарламаның негізгі шартына сәйкес, оқу аяқтаған соң 11 аймақтың біреуінде 2 жұмыс істеп, грантты өтеу қажет.
Грантқа түсу үшін әрбір университет нақты мамандық бойныша белгіленген шекті балдарды да ескеру керек. Оны
мына жерден көруге болады.
Грант конкурсына қатысу үшін құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн және eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.
Ал B167 Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану БББТ үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.
Қандастар ұлты (қазақ) көрсетілген шетел төлқұжатын ұсынады. Олар үшін ҰБТ-ның шекті балдары бекітілмеген.
ҰБТ-ның нәтижесі қандай?
Биыл республика бойынша 186 мыңнан астам адам мектеп бітірді. Барлығы дерлік негізгі ҰБТ-дан бағын сынауға шешім қабылдады. Ал гранттардың саны екі есе аз, 79 мыңға жуық болып тұр.
талапкерлердің 77 проценті шекті балл жинады;
ең жоғары балл – 140 балл.
Бұдан бөлек, тестілеуге ерекше білім беру қажеттілігі бар 620 талапкер қатысты. Ереже бұзғаны үшін 502 адамның нәтижелері жойылды. 154 адам аудиториядан шығарылды, ал бейнежазбаларды тексергеннен кейін тағы 18 адамның нәтижесі жойылды.
Биыл пилоттық режимде сараланған гранттар бөлінді. Жалпы саны – 300. Оны екі бағытқа беріп отыр. Олар:
педагогикалық ғылымдар – 150 грант;
әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 150 грант.
Сараланған гранттардың шартына сәйкес, оқу ақсының 50 процентін мемлекет, ал қалғанын жартысын студенттің өзі төлейді.
Сараланған грант конкурсына қатысу үшін қосымша құжат тапсырудың қажеті жоқ. ҰБТ-ның нәтижесі бойынша балл саны жағынан грант алғандардан кейін тұрған талапкерлер сараланған грантқа ие болады.
Грант конкурсының нәтижесі 10 тамызға дейін жарияланады.
Айта кетері, бұған дейін Sputnik Қазақстан ғылым және жоғары білім министрлігіне хабарласып, ҰБТ нәтижесіне қарамай,
тегін оқуға қалай түсуге болатынын білген.