Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Грузияда ұсталған қазақстандыққа қатысты СІМ түсініктеме берді

Грузияда Қазақстан азаматы ұсталғанын Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Министрліктің мәліметінше, 22 сәуірде Грузияның Имерети аймағында Қазақстан азаматы қамауға алынған.

Оған Грузия Қылмыстық кодексінің 260-бабы 1-бөлігі бойынша, яғни “есірткі құралдарын заңсыз иемдену және сақтау” бабы негізінде айып тағылып отыр.

СІМ өкілдерінің хабарлауынша, Қазақстан консулы істің барлық мән-жайын анықтау үшін Грузияның құзырлы органдарымен тікелей байланыс орнатқан. Қазіргі таңда мәселе министрліктің бақылауында.

Грузия Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, бұл іс бойынша Украина және Қазақстан азаматтары күдікке ілінген. Олар әртүрлі уақытта ұсталған.

Тінту кезінде күдіктілердің үйлерінен және уақытша тұрған орындарынан аса ірі мөлшердегі “метадон” есірткісі мен оны орауға арналған заттар тәркіленген.

Қазір Грузия Қылмыстық кодексінің 260 және 265-баптары бойынша тергеу жүріп жатыр. Аталған баптар бойынша айыпталғандарға 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button