Жаңалықтар

Гүлмира Әбіқай: Зорлық-зомбылық жағынан қалыспаймыз, тирандар енді өзінің туған қыздарына көшті

Видео: скрин

Әлеуметтік желіде кішкентай қызын таяқпен қорқытқан 41 жастағы қырғыз азаматының әрекеті жұрттың үрейін тудырды, деп жазды qandastar.kz

Видеоны журналист Гүлмира Әбіқай өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады.

«Біртуған қазақ пен қырғыз қатыгездік, зорлық-зомбылық жағынан бір-бірінен қалысар емес. Қырғызстанда да әйелді өлімші етіп сабау, құлақ-мұрнын кесіп алу, ұрып өлтіру үдеп келеді. Енді тирандар өзінің туған қыздарына көшті.

Оқиға көрші елдің Ноокен аумағында болған. Әйелін ұрып-соғып қуып жіберген мына әкесымақ қайтпасаң қызды ұрамын деп қоқан-лоқы жасап видео жіберген. Полиция 41 жастағы еркекті қамағанын естіп уһ дедім. Бұл видеода мына кішкентай қыздың бауырын аядым. Шамамен, 8-9 жасар ұл бала іштей тістеніп, әкесіне қой деуге бата алмай, жастықты бетіне жауып, бүк түсіп артында жатыр», — деп жазды журналист.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close