ЖаңалықтарШоу бизнес

Гүлзира Айдарбекова баласының жол апатына түскеннен кейін көзілдірік тағатынын айтты

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова өмірін түбегейлі өзгерткен жол апаты туралы айтып берді, деп жазды qandastar.kz

Өнер иесі әңгімесінде ұлы Қайрат Нұртастың көзіне тыртық қалғанын және сондықтан ол күнделікті көзілдірік қолданатынын жеткізді. Айдарбекованың айтуынша, апат кезінде олар Қытайға ұшатын болып асығып келе жатқан.

«Көліктен ештеңе қалмады, бәрі қиратылды. Құдайға шүкір, аман қалдық. Қайрат терезеден ұшып кетті, әйнектер денесіне қадалды. Сол кезде көзінде тыртық пайда болып, сондықтан көзілдірік тағуға мәжбүр», – деді продюсер.

Гүлзира Айдарбекова сол жол апатын өз шығармашылығына да арқау еткенін атап өтті.

«“Өкініш” фильмінде сол оқиғаны көрсетуге тырыстым. Көліктен қалай аударылғанымызды, менің сол сәттегі күйімді барынша шынайы көрсеттің. Тіпті телефонға қоңырау шалған сәт те фильмде өзгеріссіз қалды», – деді ол.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button