Мәдениет

Гүлзира Айдарбекова жолдасының 60 жасына ерекше тарту жасады

Фото: инстаграм

Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков 60 жасқа толып, туған күнін Алматыдағы мейрамханада кең көлемде атап өтті, деп хабарлайды qandastar.kz

Өнер иесінің жары әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова жолдасына жүрекжарды тілегін арнап, ерекше лебізін білдірді:

«Нұрекең – менің тірегім, балаларымның асқар тауы, асыл жарым. Саған үйленгеніме ешқашан өкінген емеспін. Алла тағала сенен кейін қалдырмай, әрқашан сенің алдыңда болуды жазсын! Бүгін туған күнің құтты болсын! Саған ұзақ әрі мәнді өмір тілеймін! Баршаңыздан құттықтаулар күтеміз!» – деп жазады Гүлзира.

Сонымен қатар, Гүлзира Айдарбекова туған күніне орай жолдасына арнап жаңа әнінің тұсауын кесті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button