Жаңалықтар

Ғылымға бөлінген 295 млн теңге қайда кетті?: Прокуратура мемлекет қаржысының жымқырылғанын анықтады

Ақмола облысының прокуратурасы ғылымды дамыту және отандық өндірісті қолдау үшін бөлінген мемлекеттік грант қаражатының мақсатсыз пайдаланылғанын анықтады, деп жазады qandastar.kz сайты Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру барысында грант қаржысын тиімсіз жұмсау, жобалардың қайталануы, мемлекеттік мүліктің бүлінуі, сондай-ақ бастамалардың толық іске асырылмауы секілді деректер әшкереленді. Бас прокуратураның мәліметінше, бір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметінде зауыт салу және өнім өндіруге бөлінген 295 млн теңге көлеміндегі грант қаражатының тиімсіз пайдаланылғаны белгілі болды. Аталған сома бөлінгенімен, тиісті жұмыстар жүргізілмеген.

Қазіргі уақытта бұл қаражатты сот тәртібімен мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Тағы бір жағдайда ғылыми орталықтардың бірінің лауазымды тұлғалары ғылыми зерттеулер аясында өндірілген 850 тоннадан астам тұқымдық астықты полигонға шығарып тастаған. Соның салдарынан мемлекетке 100 млн теңгеден астам залал келтірілген, – деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Лауазымды тұлғалардың салғырттығы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button