Актер Еркебұлан Тоқтар Бота Миа атымен танымал блогер Ақбота Нұрахынды әуежайда қарсы алған видеосымен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұған дейін екеуінің арасында ерекше қарым-қатынас бар деген сыбыс тараған болатын.
Актер мен блогер осы сыбысты растағандай болды.
Еркебұлан Тоқтар блогерге әдемі гүл шоғын сыйлап, құшақтап, артынан екеуі бір көлікке отырып кетеді.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
Бірі жастарға бақыт тілесе, өзгелері жай ғана хайп болса екен дейді.
«Мына қызға қимаймын сені!», «Это просто контент. Сеніп қалмаңдар», «Өте мықты маркетинг» деп жазып жатыр олар.



