Айтбек Амангелді марқұм Салтанат Нүкенова жайлы жазған кітабын көпшілікке көрсетемін деп сынға қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Айтуынша, қарындасы жайлы көптен бері кітап шығаруды ойлап жүрген.
«Бұл – менің кішкентай қарындасым туралы кітап. Оның аты – Салтанат. Кітап қазір Қазақстанда қолжетімді, оны сауда желілері арқылы сатып алуға болады», — деп жазды ол.
Кітаптың алғашқы тиражы – 7 мың дана.
Алайда оның бұл әрекеті желі қолданушылары тарапынан қолдау таппады.
Қазақстандықтар Айтбек Амангелді қарындасының өлімін кәсіп пен хайпқа айналдырды деп сынап жатыр.



