Жаңалықтар
Халық 50 жылдық газ баллонын әлі пайдаланып жүр
Фото: ашық дереккөз
Халық 50 жылдық газ баллонын әлі пайдаланып жүр, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.
Осылай деген Үкімет басшысы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне газ баллондарының өндірісін жылдамдатып ұйымдастыруды тапсырды.
«Суық түскелі бері үйлерде газ баллондары жарылған 8 жағдай орын алды. Негізгі себеп – оларды пайдалану және сақтау талаптарын бұзу. Оның ішінде 50 жыл болған баллондар да бар. Қазіргі уақытта газ жабдықтарын пайдалану талаптарының сақталуын бақылау әкімдіктерге жүктелген. Алайда жұмыс тиісті деңгейде емес. Газ толтыру пункттерінің меншік иелері арасында баллондардың сапасын бақылау, олардың жарамдылық мерзімін тексеру туралы түсіндіру жұмысын жүргізу қажет», – деді Үкімет басшысы.