Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Халық табысы экономикалық өсіммен тең емес: Бектенов Үкіметтегі өзекті мәселені көтерді

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандағы азаматтардың табыс деңгейі мен экономиканың нақты өсім қарқыны арасындағы сәйкессіздікке назар аударды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 31 пайызды құрап отыр.

Бұл көрсеткіш Орталық Азия елдері арасындағы ең жоғары деңгейлердің бірі саналады.

Алайда табыс құрылымындағы оң динамикаға қарамастан, жалақы өсімі бизнестегі кірістердің артуымен бірдей қарқынмен дамып отырған жоқ.

«Жалақының өсу қарқыны бизнес табысының, оның ішінде өз күшімен әрі мемлекеттік қолдау есебінен алынған табыс динамикасынан артта қалып отыр. Осыған орай Үкімет халықтың табысын арттыру үшін кешенді шараларды әзірлеуде», – деді Бектенов.

Үкімет әзірлеп жатқан бұл бастамалар еңбекақыны кезең-кезеңімен көтеруге, тұрақты әрі лайықты жалақысы бар жұмыс орындарының санын арттыруға, сондай-ақ азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталмақ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button