Көші-қон заңнамасы
Халықтың көші-қоны туралы заң 4
4-тарау. ОТБАСЫН БІРІКТІРУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ 27-бап. Шақырушы адамдар және шақырушы адамдардың отбасы мүшелері 1. Мына адамдар: 1) Қазақстан Республикасының азаматтары; 2) Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрып жатқан этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар; 3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан көшіп келушілер мен бизнес-көшіп келушілер шақырушы адамдар болуы мүмкін. 2. Шақырушы адамдардың отбасын біріктіру мақсатында шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын өз отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуі туралы қолдаухат беруге құқығы бар. 3. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен танылатын некеде кемінде үш жыл тұрған жұбайы (зайыбы); 2) он сегіз жасқа толмаған, некеде тұрмайтын және шақырушы адамның асырауындағы және (немесе) қамқоршылығындағы (қорғаншылығындағы) балалар, оның ішінде асырап алған балалары; 3) он сегіз жастан асқан, некеде тұрмайтын, денсаулық жағдайына байланысты себептер бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қабілетсіз балалар, оның ішінде асырап алған балалары; 4) шақырушы адамның асырауындағы еңбекке жарамсыз ата-аналары; 5) оларды күтіп-бағу шақырушы адамның міндеті болып табылатын, отбасының өзге де мүшелері отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келетін шақырушы адамның отбасы мүшелері болып табылады. 4. Шақырушы адамның мына отбасы мүшелері отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына жіберіледі: 1) егер Қазақстан Республикасының азаматы шақырушы адам болса – осы баптың 3-тармағында аталған барлық адамдар. Аталған адамдарға уақытша тұруға арналған рұқсат кейіннен жыл сайын ұзарту құқығымен үш жылға дейінгі мерзімге беріледі; 2) егер уақытша (кемінде екі жыл мерзімге) тұруға рұқсат алған этникалық қазақ немесе бұрынғы отандас шақырушы адам болса – осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған адамдар. Аталған адамдарға уақытша тұруға арналған рұқсат шақырушы адамның уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзіміне беріледі; 3) егер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын көшіп келуші немесе Қазақстан Республикасында кемінде екі жыл үзіліссіз тұратын бизнес-көшіп келуші шақырушы адам болса – осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған адамдар. Тұрақты тұруға арналған рұқсаты бар шақырушы адамның отбасы мүшелеріне уақытша тұруға арналған рұқсат жыл сайын ұзарту құқығымен бір жылға беріледі. Бизнес-көшіп келуші болып табылатын шақырушы адамның отбасы мүшелеріне уақытша тұруға арналған рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға беріледі. Бұл ретте шақырушы адамның отбасы мүшелеріне уақытша тұруға арналған рұқсат шақырушы адамның уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс. 5. Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілердің мынадай санаттарының: 1) оқу, кәсіптік даярлықтан өту және (немесе) тағылымдамадан өту кезеңіне білім алу мақсатында көшіп келушілердің (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, студенттер мен тағылымдамадан өтушілер); 2) маусымдық шетелдік қызметкерлердің; 3) гуманитарлық уәждер бойынша көшіп келушілердің отбасы мүшелеріне қатысты отбасын біріктіру мақсатында көшіп келуге жол берілмейді. 28-бап. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза алудың тәртібі 1. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза шақырушы адамның отбасын біріктіру туралы қолдаухатының негізінде беріледі. 2. Шақырушы адамның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасына келуге виза алу үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне өтініш пен мынадай құжаттарды: 1) шақырушы адамның қолдаухатын; 2) Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, шақырушы адамның уақытша тұруға арналған рұқсатының нотариатта куәландырылған көшірмесін; 3) шақырушы адамның және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмесін; 4) шақырушы адамда отбасының әрбір мүшесін күтіп-бағуға айына, республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде ақшасының болуы растамасын; 5) шақырушы адамда Қазақстан Республикасының аумағында отбасының әр мүшесіне шаққанда көлемі белгіленген ең төмен нормативтерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес келетін тұрғын үйдің болуы растамасын; 6) шақырушы адамның отбасы мүшелері үшін медициналық сақтандыруды; 7) шақырушы адаммен отбасылық қатынастарын растайтын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің осыған уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынған құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелерін; 8) отбасының кәмелетке толған мүшелерінің соттылығы болуын не болмауын растайтын құжатты ұсынады. 3. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасында тұруға құқығы бар көшіп келушілерге, уақытша тұруға арналған рұқсаттың берілуі солардың болуына байланысты болатын мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылған жағдайларда (кәмелетке толуы, біріктіруді сұраған адамның қайтыс болуы, соның негізінде біріктіру жүргізілген некенің бұзылуы немесе күшінің жойылуы), осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген осыған қажетті қаржы қаражатының болуы расталған жағдайда, ішкі істер органдары олардың өтініштері негізінде алты айға дейінгі кезеңге рұқсатты ұзартады. Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 29-бап. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері 1. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келген балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алуға құқығы бар. 2. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің мынадай: 1) Қазақстан Республикасының азаматтары шақырушы адамдары болып табылатын, осы Заңның 27-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен жалпы жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын; 2) осы Заңның 27-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында тізбеленген адамдар шақырушы адамдары болып табылатын отбасы мүшелері еңбек қызметін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыскерге беретін өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманың, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыс берушіге Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсаттың негізінде еңбек қызметін жүзеге асыруға құқығы бар. 3. Отбасын біріктіру мақсатында келетін көшіп келушілер: 1) Қазақстан Республикасының аумағында болатын көшіп келушілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндеттерді атқарады; 2) Қазақстан Республикасында уақытша болуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, егер оның бұдан әрі болуына заңды негіздері болмаса, Қазақстан Республикасынан кетіп қалуға міндетті. Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
4-тарау. ОТБАСЫН БІРІКТІРУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ
27-бап. Шақырушы адамдар және шақырушы адамдардың отбасы мүшелері
1. Мына адамдар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрып жатқан этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан көшіп келушілер мен бизнес-көшіп келушілер шақырушы адамдар болуы мүмкін.
2. Шақырушы адамдардың отбасын біріктіру мақсатында шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын өз отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуі туралы қолдаухат беруге құқығы бар.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен танылатын некеде кемінде үш жыл тұрған жұбайы (зайыбы);
2) он сегіз жасқа толмаған, некеде тұрмайтын және шақырушы адамның асырауындағы және (немесе) қамқоршылығындағы (қорғаншылығындағы) балалар, оның ішінде асырап алған балалары;
3) он сегіз жастан асқан, некеде тұрмайтын, денсаулық жағдайына байланысты себептер бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қабілетсіз балалар, оның ішінде асырап алған балалары;
4) шақырушы адамның асырауындағы еңбекке жарамсыз ата-аналары;
5) оларды күтіп-бағу шақырушы адамның міндеті болып табылатын, отбасының өзге де мүшелері отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келетін шақырушы адамның отбасы мүшелері болып табылады.
4. Шақырушы адамның мына отбасы мүшелері отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына жіберіледі:
1) егер Қазақстан Республикасының азаматы шақырушы адам болса – осы баптың 3-тармағында аталған барлық адамдар.
Аталған адамдарға уақытша тұруға арналған рұқсат кейіннен жыл сайын ұзарту құқығымен үш жылға дейінгі мерзімге беріледі;
2) егер уақытша (кемінде екі жыл мерзімге) тұруға рұқсат алған этникалық қазақ немесе бұрынғы отандас шақырушы адам болса – осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған адамдар.
Аталған адамдарға уақытша тұруға арналған рұқсат шақырушы адамның уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзіміне беріледі;
3) егер Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын көшіп келуші немесе Қазақстан Республикасында кемінде екі жыл үзіліссіз тұратын бизнес-көшіп келуші шақырушы адам болса – осы баптың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында аталған адамдар.
Тұрақты тұруға арналған рұқсаты бар шақырушы адамның отбасы мүшелеріне уақытша тұруға арналған рұқсат жыл сайын ұзарту құқығымен бір жылға беріледі.
Бизнес-көшіп келуші болып табылатын шақырушы адамның отбасы мүшелеріне уақытша тұруға арналған рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға беріледі. Бұл ретте шақырушы адамның отбасы мүшелеріне уақытша тұруға арналған рұқсат шақырушы адамның уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
5. Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілердің мынадай санаттарының:
1) оқу, кәсіптік даярлықтан өту және (немесе) тағылымдамадан өту кезеңіне білім алу мақсатында көшіп келушілердің (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, студенттер мен тағылымдамадан өтушілер);
2) маусымдық шетелдік қызметкерлердің;
3) гуманитарлық уәждер бойынша көшіп келушілердің отбасы мүшелеріне қатысты отбасын біріктіру мақсатында көшіп келуге жол берілмейді.
28-бап. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза алудың тәртібі
1. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза шақырушы адамның отбасын біріктіру туралы қолдаухатының негізінде беріледі.
2. Шақырушы адамның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасына келуге виза алу үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне өтініш пен мынадай құжаттарды:
1) шақырушы адамның қолдаухатын;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, шақырушы адамның уақытша тұруға арналған рұқсатының нотариатта куәландырылған көшірмесін;
3) шақырушы адамның және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмесін;
4) шақырушы адамда отбасының әрбір мүшесін күтіп-бағуға айына, республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде ақшасының болуы растамасын;
5) шақырушы адамда Қазақстан Республикасының аумағында отбасының әр мүшесіне шаққанда көлемі белгіленген ең төмен нормативтерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес келетін тұрғын үйдің болуы растамасын;
6) шақырушы адамның отбасы мүшелері үшін медициналық сақтандыруды;
7) шақырушы адаммен отбасылық қатынастарын растайтын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің осыған уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынған құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелерін;
8) отбасының кәмелетке толған мүшелерінің соттылығы болуын не болмауын растайтын құжатты ұсынады.
3. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасында тұруға құқығы бар көшіп келушілерге, уақытша тұруға арналған рұқсаттың берілуі солардың болуына байланысты болатын мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылған жағдайларда (кәмелетке толуы, біріктіруді сұраған адамның қайтыс болуы, соның негізінде біріктіру жүргізілген некенің бұзылуы немесе күшінің жойылуы), осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген осыған қажетті қаржы қаражатының болуы расталған жағдайда, ішкі істер органдары олардың өтініштері негізінде алты айға дейінгі кезеңге рұқсатты ұзартады.
Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
29-бап. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері
1. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келген балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алуға құқығы бар.
2. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің мынадай:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары шақырушы адамдары болып табылатын, осы Заңның 27-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен жалпы жағдайларда еңбек қызметін жүзеге асыратын;
2) осы Заңның 27-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында тізбеленген адамдар шақырушы адамдары болып табылатын отбасы мүшелері еңбек қызметін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыскерге беретін өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманың, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыс берушіге Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсаттың негізінде еңбек қызметін жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Отбасын біріктіру мақсатында келетін көшіп келушілер:
1) Қазақстан Республикасының аумағында болатын көшіп келушілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген міндеттерді атқарады;
2) Қазақстан Республикасында уақытша болуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, егер оның бұдан әрі болуына заңды негіздері болмаса, Қазақстан Республикасынан кетіп қалуға міндетті.
Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).