Бұл туралы журналист Жазира Бегалы айтты, деп жазды Qandastar.kz ақпарат порталы.
«Зауыттың ашылу рәсімі желіде жарқ етті. Қай өңір екенін блогер айтпады. Есектің сүтін өңдейді деген сөзді бірнеше мәрте үңіліп оқыдым. Өз көзіме , құлағыма сенбедім. Блогер ме, зауыттың өкілі ме, орысша шүлдірлеп жатыр. “Есектің еті харам” деп құлағымызға құйып өсірді. Мына жаңалықты естіп есектің сүтінен крем, косметика жасайтын шығар деп ойлайын десем, әлгі блогер бұл зауыт еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп сөзін түйіндеді», — деді журналист facebook парақшасында.



