Соңғы кездері дін жолына бет бұрған, бұрын «Кешью» тобының солисі болған Айдана Меденова ән әлеміне қайта оралды, деп жазады qandastar.kz.
Ұзақ уақыт сахнадан көрінбей кеткен өнер иесінің сағындырған үні қайта естіле ме? Әлеуметтік желілерде Айдана Меденованың сахнаға қайта шығуы мүмкін деген ақпарат тараған сәттен бастап, тыңдармандар өз қуаныштарын ашық білдірді.
«Бұл әнге бейнебаян түсіру үшін 26 сағат бойы көз ілмегеніміз әлі есімде. Сол уақыт ішінде 8 рет образ ауыстырдық. Ал түсірілім аяқталған соң үйге емес, бірден бургер жеуге барғанбыз», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары да бейжай қалмады.
«Дауысы ерекше еді, қайта тыңдағымыз келеді», «Қазақ эстрадасына жетіспей жүрген үн қайта оралғалы тұр» деген пікірлер жиі кездеседі.
Кейбір тыңдармандар оның жаңа бейнесі мен тың шығармаларын асыға күтіп жүргендерін де жасырмады.



