Шоу бизнес

Хиджабын шешіп, төсін ашқан қазақстандық блогер сынға қалды

Жуырда ғана орамалын шешкен блогер Эммануэлла Науызбаева ашық көйлегі үшін қоғам тарапынан қатты сынға ұшырады, деп жазады qandastar.kz

Ақтөбедегі мешітте болған дау-дамайдан кейін елге кеңінен таныла бастаған қазақстандық блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жылдық кешке арналған образын көпшілікке ұсынып, фотосурет жариялаған.

«Сұлулық – қауіпті күш. Әсіресе адам әдемі болып дүниеге келсе», – деп жазды ол.

Алайда бұл жазба желі қолданушыларының ашуын тудырды.

Кейбір пікір иелері:

«Орамалды шештіңіз, түсінеміз, әртүрлі себеп болуы мүмкін. Бірақ ұзақ уақыт хиджаб киіп, артынша бір ай өтпей ашық-шашық киіну – орамал сіз үшін ешқашан маңызды болмағанын көрсетеді», «Жалған тақуалық жеңіл жүрістен де жаман», «Ешқашан орамалды шешпеймін деп уәде берген еді, енді тек шешіп қана қоймай, ашық киініп жүр», «Нағыз бет-бейнесі енді көрінді», «Бұл – шектен шығу, осындайлар дінді бұзады», «Иманның әлсірегені байқалады, орамалды шешуге сылтау іздегендей», – деп сынға алды.

Сонымен қатар, блогерді қорғаған пікірлер де кездесті.

Қолдаушылардың бірі: «Жарайсың, айыптауға болмайды. Хиджабты шешу – жамандықтың белгісі емес, бұл әр адамның жеке таңдауы. Жастық шақ өмірден ләззат алу үшін беріледі», – десе, енді бірі: «Оған тыныштық беріңіздер. Әр адам өз ісі үшін өзі жауап береді. Біреудің ашық киінуі барлығымызды тозаққа сүйрейді деген сөз емес», – деп жазды.

Тағы бір пікірде:

«Алға, қызым! Жассың, сұлусың, орынсыз айыптауларға мән берме. Өмір бір-ақ рет беріледі, оны қалай өткізу – өз еркің», – деген қолдау сөздер айтылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button