Қаржы және төлемдер

ХҚКО қызметкері тұрғындардан 180 млн теңге алдап алған

Фото: Ашық дереккөз

Облыстық соттың ресми сайтындағы мәліметке сенсек, сотталушы А-ға Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша (сенімді теріс пайдалану жолымен, алдап, бірнеше рет аса iрi мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырумен алаяқтық жасау) айып тағылған, – деп жазады qandastar.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.

Сот процесі кезінде Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында бас маман қызметін атқарған сотталушының бірнеше азаматқа қарсы алаяқтық жасағаны анықталған.

Ол 2022 жылы жәбірленуші К есімді адамға алаңы 20,08 га жер учаскесін жекешелендіріп беру, сол жерден тестілеу орталығын ашып, бірге жұмыс істеу, мемлекеттік бағдарламалар бойынша арзан пәтер алып беру туралы уәделер айтып, 113 млн теңге алған.

Қалған 14 жәбірленушіден мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алып беретінін айтып, 71 млн 356 мың теңге алған.

Сот оның өз кінәсін ішінара мойындағанын, шын ниетпен өкінбегенін, 179 млн теңгеден асатын залал өндірілмегенін және жәбірленушілердің кешірім бермегенін ескеріп, 6 (алты) жыл 8 (сегіз) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close