Жаңалықтар

Хромтауда көлік ішінде 10 жасар қыз көз жұмды: оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

Фото: Halyq Uni/Дәурен Ерболат

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөн ауылында көлік ішінде өртеніп кеткен 10 жастағы қыздың оқиғасына қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Halyq Uni Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Көліктің өртенгені туралы 101 номеріне 13 сағат 46 минутта хабарлама түскен.

Өрт орнына 13 сағат 47 минутта Хромтау ауданының №20 өрт сөндіру бөлімінен 6 адам және Хромтау ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің 2 қызметкері аттанды. Өрт болған ауыл аудан орталығынан 6 шақырым жерде. Өрт сөндірушілер 10 минутта жетті, – дейді Хромтау аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.

Жалын 20 минутта толық сөндірілген.
«Өрт сөндіру барысында автокөліктің ішінен жасөспірімнің жансыз денесі анықталды», – дейді ведомстводағылар.

Жеткіншек қыз үйдегі үш баланың кенжесі.

Күнделікті көлікке кіріп-шығып ойнап жүрген бала.

Көліктің ақауы болмаған, күнделікті мініп жүрген көлік. Ата-анасы үйге кіріп кеткен. Көліктің есігі іштен де, сырттан да оңай ашылады. Көлік өртенгенде баланың ішінде болғанын ешкім білмеген, – дейді Дөн ауылының әкімдігі.

Баланың көліктен не үшін шыға алмай қалғаны құтқарушыларды да таңқалдырған. Өйткені көлік құлпы жабылып қалатындай емес, дейді олар.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close