Жаңалықтар

«Хуторский» Хасан сот залында айқайлап, әйнекті сындырды

Алматы облысында сот үкімін жариялауға шамамен жарты сағат қалғанда айыпталушы Хасан Қасымбаев сот залында жанжал шығарды. Ол айыпталушыларға арналған орындағы пластик әйнекті сындырып, журналистердің қатысуына наразылық білдірген,  деп жазды qandastar.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Қасымбаев «Мыналардың бәрін бұл жерден шығарыңдар!» деп айқайлап, пластик терезеге соққы берген. Нәтижесінде әйнек сынып, сынықтары залға шашылған.
Сот үкімі бойынша Хасан Қасымбаев адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру және қорқытып ақша алу баптары бойынша кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button