ЖаңалықтарСпорт

IBO чемпионы Ангелина Лукастың келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Ангелина Лукас танзаниялық Эгине Каянгемен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды qandastar.kz Tengri Sport-қа сайтына сілтеме жасап. 

Fightgecko Combat Series промоушені 3 желтоқсан күні Дубайда (БАӘ) өтетін турнирді ресми түрде жариялады. Осы кеште Әлем чемпионы Ангелина Лукас рингке шығып, Танзания боксшысы Эгине Каянгемен кездеседі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Fabian Ene (@fightgecko)

«>

Еске сала кетейік, Ангелина Лукас соңғы кездесуін 2025 жылғы 14 қараша күні Каирде (Мысыр) өткізген болатын.

Америкалық Кэтрин Рене Линденмутқа қарсы өткен бұл жекпе-жек судьялардың шешімімен Лукастың жеңілісімен аяқталған еді. Алайда, кейінірек Ангелина әлеуметтік желілерде бұл нәтиженің күшін жойғанын хабарлады. Себебі қарсыласы допинг-бақылаудан өтуден бас тартқан.

Осыдан кейін BoxRec порталы да жекпе-жектің нәтижесін өзгертті. Нәтижесінде бұл жеңіліс ресми түрде есептен алынып, спортшының статистикасында әлі де бір ғана ресми жеңіліс көрсетілген.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button