Жаңалықтар
ІІМ-де кадрлық өзгеріс: Жаңа орынбасар тағайындалды
Фото: ашық дереккөз
Президент Санжар Әділовті Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындады, деп жазады qandastar.kz
Әділов қызметін 1999 жылы ішкі істер органдарынан бастаған. Генерал-майор жыл басында Қарағандыдағы ІІМ академиясының басшысы болып тағайындалды. 2018-2023 жылдар аралығында тергеу департаментін басқарды.