Жаңалықтар
ІІМ ел азаматтарына ескерту жасады

- Фото: ашық дереккөз
ҚР ІІМ ел азаматтарына ұмра мен қажылықты турфирмалар арқылы ұйымдастыру кезінде кездесуі мүмкін алаяқтық жайынан ескертеді, деп хабарлайды qandastar.kz
ҚР ІІМ ел азаматтарына қаржылай шығынға ұшырап, алаяқтардың тұзағына түспес үшін мыналарды жадыда сақтауға кеңес береді:
- Фирманың лицензиясын және ол туралы пікірлерді тексеріңіз. Мұндай сапарларды ұйымдастырумен айналысатын ресми туристік фирмалардың мемлекеттік лицензиясы болуы керек. Клиенттердің пікірлерін зерттеңіз. Туроператорлар әр туристке туркод ұсынуы тиіс.
- Тым төмен бағаға қызығып, алданып қалмаңыз. Егер сізді төмен бағамен қызықтырса, асықпаңыз, мұндай ұсыныстар көбінесе алаяқтықпен байланысты болуы мүмкін. Түрлі турфирмалардың бағаларын салыстырып, олардың нарықтық бағаға сәйкестігін анықтап алғаныңыз жөн.
- Құжаттар мен келісімшартты тексеріңіз. Барлық келісімшарттарды мұқият оқып шығыңыз. Әрбір тармаққа жіті назар аударыңыз, бұл келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Егер сізге бір нәрсе түсініксіз болса, маманмен кеңесуді ұмытпаңыз.
- Байланыс деректеріне назар аударыңыз. Сенімді турфирманың әрқашан байланыс телефоны, электронды поштасы және нақты мекенжайы болады. Алаяқтар көбінесе байланыс деректерін көрсетпей, виртуалды парақшалардың артында жасырынуы мүмкін.
- Тур бағдарламасын мұқият зерделеңіз. Турдың құнына не кіретінін анықтаңыз (ұшу, тұрғын үй, көлік, тамақтану, медициналық сақтандыру және басқа қызметтер). Барлық қажетті шығындардың ескерілгеніне және кездейсоқ төлемдердің болмайтынына көз жеткізіңіз.