
ІІМ Атыраудағы көп талқыланған Яна Легкодимованың өліміне қатысты тергеудің қалай жүргізілгенін айтып, қылмыстың сәті түсірілген видеоны жариялады, деп жазады qandastar.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2023 жылғы 20 қазанда қыздың анасы оның жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған. Құқық қорғау органдары дереу іздестіру шараларын бастаған.
«Алғашында іс адам жоғалу дерегі ретінде тіркелді. Хабар түскен бойда іздестіру белсенді түрде жүргізіле бастады. Жиналған деректер бойынша қыздың ұрланғанына дәлелдер пайда болған соң қылмыстық іс қолға алынды. Кейін оның өлтірілгені анықталғаннан кейін тергеу адам өлтіру бабы бойынша жалғасты», – деді Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Ерлан Құсайынов.
«>Бейнежазбаларды талдау барысында Легкодимованың үйінің жанына Ризуан Хайржанов жүргізген ақ көлік тоқтағаны анықталды. Камералар қыздың сол көлікке отырғанын көрсеткен.
«Біз оның қозғалыс бағытын толық қалпына келтірдік. Камералар қыздың ақ көлікке отырғанын, жанында екінші ер адамның тұрғанын көрсетті. Ол есікті ұстап, қыздың шығуына мүмкіндік бермеген. Кейін екеуі де көлікке отырып, Талдықорған бағытына жүріп кеткен», – деді ерекше істер жөніндегі тергеуші Темірхан Хажмуратов.
Жедел-іздестіру шаралары екі ер адамның қатысы барын тез анықтады: бірі қылмысты жасаған, екіншісі оның ізін жасыруға көмектескен.
Жойылған айғақтарға қарамастан, тергеу қылмыстың толық көрінісін қалпына келтіре алған. Іс материалдары бойынша, Хайржанов қызды көлік ішінде тұншықтырып өлтірген. Алтынбек Катимов есікті жауып тұрған. Кейін олар мәйітті қала сыртына шығарып, өзенге тастаған.
«Алдымен Хайржанов анықталды. Оның айғақтары негізінде Катимовты да таптық. Менің тәжірибемде алғаш рет күдіктілер ұсталып, бірақ мәйіт табылмай тұрған жағдай болды. Соған қарамастан, күдіктінің сөздері бойынша қылмыс орнын дәл анықтадық», – деді Қусаинов.
Тергеу барысында қыз бен Хайржанов 2022 жылдан бері таныс болғаны, бір университетте оқығаны және көңіл жарастырғаны анықталды. Қылмысқа қыздың оның басқа қызға үйленгелі жатқанын біліп қалып, оны невестасына айтатынын ескертуі себеп болған.
Екі күдікті де бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.
Тергеу барысында күдіктілердің әлеуметтік желідегі хат алмасулары табылған. Онда олар қызды өлтіру жоспарын талқылаған. Сондай-ақ іздеу жүйесінде «Қазақстанда адам өлтірудің жазасы» және «бейнебақылау жазбалары қанша уақыт сақталады?» деген сауалдар болған.
Іс бойынша үкім 2025 жылғы 17 қараша күні шықты. 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Катимов қызды өлтіру және оның мүлкін жою бойынша кінәлі деп танылып, өте қатаң режимдегі мекемеде өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.



