Жаңалықтар

Илон Маск Трампқа импичмент жариялау идеясына қолдау білдірді

Фото: ашық дереккөзден

Танымал америкалық кәсіпкер, SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маск АҚШ президенті Дональд Трампқа импичмент жариялау және оны вице-президент Дж.Д. Вэнске ауыстыру идеясын қолдады. Бұл ұсынысты әлеуметтік желіде блогер Ян Майлз Чонг көтерген болатын, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы. 

Маск Чонгтың жарияланымына X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде қысқа ғана “ИӘ” деп жауап беріп, бұл ұсынысқа қолдау білдірді.

Бұған дейін Трамп Truth Social платформасында Масктың компанияларымен жасалған мемлекеттік келісімшарттарды бұзу және оған берілетін субсидияларды жою арқылы мемлекеттік бюджеттен миллиардтаған доллар үнемдеуге болатынын мәлімдеген еді.

Президенттің менің мемлекеттік келісімшарттарымның күшін жою туралы мәлімдемесін ескере отырып, SpaceX өзінің Dragon ғарыш аппараттарын дереу тоқтата бастайды, – деп жауап берді Маск Трамптың бұл мәлімдемесіне.

Айта кетейік, дәл осы Dragon кемелері АҚШ-тың Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) астронавтар мен жүк жеткізу бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады.

Соңғы уақытта Илон Маск Ақ үй әкімшілігімен келіспеушіліктерін ашық білдіріп келеді. Ол 1 маусымда өзінің қазіргі саясатпен «ешбір бағытта келіспейтінін» ашық жазған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close