Жаңалықтар

«Имам бала қағып өлтірді»: ҚМДБ оқиғаға қатысты жауап берді

Фото: ашық дереккөз

Абай облысында бала қағып өлтірген имам туралы ҚМДБ жауап берді, деп хабарлайды qandastar.kz  Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 14 қазан күні сағат 11:50 шамасында болған. Абай облысы Үржар ауданы Үржар ауылдық мешітінің имамы Ақжігітов Қайырбек  абайсызда жеке көлігімен 11 жастағы қызды қағып кеткен. Өзінің және куәгерлердің айтуынша, имам көлік жылдамдығын сағатына 40 км/сағаттан асырмаған көрінеді.

 

Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала жол жиегінде кетіп бара жатқанда иттің үргенінен шошып жолға жүгіріп шыққандығы айтылып жатыр. Сол сәтте жүргізуші Қайырбек имам көлікті тоқтатып үлгермеген. Оқиға болғаннан кейін имам қызды ауруханаға жеткізген. Өкінішке қарай жас қыз ауыр жарақаттан ота үстінде қайтыс болды.

«Оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қайырбек имам 10 жылдан аса уақыттан бері Үржар ауылдық мешітінде  қызмет істеп келе жатыр» делінген ҚМДБ хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында 44 жастағы имам мектеп оқушысын қағып өлтіргені туралы хабарлаған едік.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close