Жаңалықтар

Иман Хелиф: Боксшы жарық дүниеге еркек боп келмеген – Нұрбек Түсіпхан

Фото: ашық дереккөз

Азаттық радиосы AzatNEWS жаңалықтар бағдарламасының продюсері әрі жүргізушісі Нұрбек Түсіпхан өзінің Facebook әлеуметтік парақшасында осылай деді, деп жазады Qandastar.kz.

«Иман Хелифтен ұялмадыңыздар ма? Сонымен өтірік пен шынды араластырып, біраз жерге дейін бардыңыздар. Боксшы жарық дүниеге еркек боп келмеген екен және жынысын да өзгертпепті. Бары – Алла тағала оның еркектік гармондарын күшті етіп жаратыпты. Анадан туғанда солай деседі. Айып па сол? Алла мен анасын кіналайсыздар ма енді? Бұған дейін 2020 жылғы (2021 жылы өтті) Токио олимпиадасына да қатысыпты. Араб елдері арасындағы түрлі турнирлерде де топ жарып жүріпті.

Желіде біразыңыз қатты пікір айттыңыздар. Арасында дін ұстаған, аузынан Алласы түспейтін талай адам Иман Хелифтің сыртынан «малғұн», «шайтан», «азғын» т.с.с талай ғайбатты жібердіңіздер. Бұған қоса олимпиада өткізіп жатқан Францияға лағынет қардай борады. Ал Иманның туған жері – Алжир. Жарысқа үкілеп жіберген елі де сол – Алжир. Алжир халқы түгелге жуық мұсылман. Сіздер сияқты олар да намаз оқып, шариғат жолымен жүреді. Сонда олар жынысын ауыстыртып қойып, қол шапалақтап отырды дейсіздер ме?

Әдетте біреу фейк таратады. Оны көбіне саржағал басылымдар немесе тек пропагандамен айналысатын сайттар іліп әкетеді. Өкініштісі – өзін журналист, коуч, ақылман, тағы бірдеңе санайтын замандастар, ағалар соған еріп кетеді. Еріп қана қойса, онысының қате екенін түсініп, кейін кешірім сұраса құба-құп. Жоқ. Міз бақпайды. Ұялсаңдар еді, деп жазды журналист.

Айта кетейік, кеше Италиялық боксшы Анджела Карини Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарынан бас тартқан. Ол биологиялық жынысы ер адамен кездеспейтінін айтты.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close