Жаңалықтар

«Имиджге нұқсан келді»: даулы видеоға байланысты шенеунік қызметтен босатылмақ

Түркістан облысындағы этика кеңесі аймақтағы басқармалардың бірінің басшысын төбелеске қатысқаны және мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін қызметтен босатуды ұсынды. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтен ОКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz

Бұған дейін БАҚ-та бірнеше ер адамның төбелесі түсірілген видео жарияланған болатын. Кейіннен қатысушылардың бірі Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалықұла екені анықталды.

Баспасөз мәслихатында Нұралхан Көшеров этика кеңесінен ресми құжатты күтіп отырғандарын айтты. Құжат түскеннен кейін шенеунік қызметтен босатылады.

Әрине, бұл жағдай бізге абырой әкелмейді. Мемлекеттік қызметшілердің имиджіне нұқсан келді. Менің білуімше, бүгін бізге ресми құжат берілуі керек. Одан кейін біз этика кеңесінің шешімін орындап, оны атқарып отырған қызметінен босатамыз, – деді ол.

Еске салайық, жыл басында Атырауда шенеуніктер төбелесіп, соның салдарынан олардың бірі комаға түскен болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button