Жаңалықтар
Импортталатын құрылыс материалының әсері: Тұрғын үй нарығында баға өзгеруі мүмкін
Фото: ашық дереккөз
Тұрғын үй нарығы бойынша еліміз негізгі құрылыс материалдары – цемент, арматураны қамтамасыз етеді. Бірақ оның ішкі жағында мәселе бар, деп жазды qandastar.kz
Мұнда да шара қолданылып жатыр – өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне құрылысты дамыту жөнінде арнайы бағдарлама дайындау тапсырылған.
Құжат бөлменің ішін өңдеуге қажетті материалдарды сырттан импорттауды азайтуды қарастырады. Тұрғын үй нарығында баға өзгеруі мүмкін. Оның импортталатын құрылыс материалдарына қатысы бар. Сол себепті қымбаттамайды деп айта алмаймыз. Айта кетейін дегенім, әлеуметтік баспана мәселесін біз бақылауда ұстап отырмыз.
«Отбасы банк» өнімдері, әлеуметтік жалға алу, Қазақстан тұрғын үй компаниясының қаржысымен несиеге алынатын баспана – осыларды бақылауда ұстай аламыз», – дейді ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.